| Санат: Оқиғалар және іс-шаралар |
| 30.10.2009 Сайттардың атауларын реттеуші жүйе Icann халықаралық ұйымы латынша емес домендік атауларды енгізуді мақұлдағанын жұмада БИ-би-си телерадиокорпорациясына сілтемесімен РАА Жаңалықтары жеткізді |
| |
|
Сеулде ұйымдардың конференциясында шешім қабылданды. Жаңа домендік атауларға тапсырысты қабылдау ендігі 16 қарашадан басталады. Тапсырыстардың басым бөлігі қытай және араб тіліндегі домендік атаулар болып пайымдалады. Басқа тілдердегі Интернет-адрестер 2010 жылдың ортасында пайда болуы тиіс. Ресейде «.рф» аяқталатын кирилдік домендік атаулар пайда болуы тиіс. «Бұл өзгерістер бүкіл әлемдегі қазіргі Интернет пайдаланушылардың жартысы ғана емес, алайда болашақ пайдаланушылардың басым бөлігі үшін қажет» -деп санайды Icann президенті Род Бекстром Интернет-адрестердің жаңа жүйелерін енгізу, ол пайда болған кезеңнен бастап жаһандық желідегі ең айтарлықтай өзгерістер болады-деп айтады Icann. Icann 1998 жылы 18 қыркүйекте домендік атаулармен, IP-адрестермен және Интернеттің жұмыс істеуінің басқада аспектілерімен байланысты реттеу мәселелері үшін халықаралық коммерциялық емес ұйымдар сияқты, АҚШ үкіметінің қатысуымен құрылды.
АА Жаңалықтар-Қазақстан
|